#бақыттыңкілтінен_тілек

Instagram photos and videos

#бақыттыңкілтінен_тілек#бақыттың_кілті#бай_қуатты_болайық#БАҚЫТТЫҢ_КІЛТІ_ӨЗ_ЖҮРЕГІМІЗДЕ#иман#бақыттыотбасы#барымыздыбағалайық#таңғы_тілек#шүкір#қайырлытаң#БАҚЫТТЫБОЛУҚҰПИЯСЫ

Hashtags #бақыттыңкілтінен_тілек for Instagram

Қайырлы түн! Түн тыныштығын берсін🙌 Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын🙌
#қайырлытүн #бақыттыңкілтінен_тілек #түнгітілек


7

Қайырлы түн! Түн тыныштығын берсін Алла👐 Шүкір! оқырман саны күн санап артуда😇 08.08.2018 сәрсенбінің сәтті күнінде😍 оқырман саны 18/800 болдық❤️ 8 саны шексіздіктің символы ретінде де келеді, өз басым жақсыға жорыдым😘 бұйырса сіздерге тек пайдалы, денсаулық, сұлулық, психологиялық кеңестерімізбен бөлісіп, отбасы бақыты, әйел бақыты, бала тәрбиесіне байланысты жазбалармен қуантатын боламыз👐 Сіздерге мың алғыс💜💙💚 бізбен бірге болғандықтарыңыз үшін, бізді әрдайым қолдап отыратын оқырмандарымызға Алланың нұры жаусын🙌 Отбасыларыңыздан бақ-береке арылмасын🙌
#бақыттыотбасы #БАҚЫТТЫҢ_КІЛТІ_ӨЗ_ЖҮРЕГІМІЗДЕ #бақыттың_кілті #бақыттыңкілтінен_тілек #шүкір #барымыздыбағалайық #жақсылықжасапжарысайық


17

Қайырлы таң! Дүйсенбінің таңы шаңырағыңызға шаттық, жаныңызға қуаныш сыйласын! Жамандық Сізге жетпесін, Жақсылық атаулы жаныңыздан кетпесін! Алла амандығын берсін!
Жаңа апта жағымды жаңалықтарға толы болсын 🙌 #қайырлытаң #таңғы_тілек #бақыттыотбасы #БАҚЫТТЫБОЛУҚҰПИЯСЫ #бай_қуатты_болайық #бақыттың_кілті #бақыттыңкілтінен_тілек


41

Сіз тамаша жансыз😍 иә, сіз😘 ғажап жансыз❤️ жаңа ғана сіздің үйіңізге👉денсаулық, қуаныш, бақыт, байлық атты достарды жібердім✊ Сіз жақсылап күтіп алсаңыз болғаны💙💜💚💛
Көңіл-күйіңізді түсірмеудің жолдары

Күнделікті қарбалас тіршілік пен бітпейтін шаруалардың әсерінен көңіл-күйіңіз жиі түсе ме? Алаңдамаңыз, мұны шешудің жолдары бар.
1. Іске кірісіңіз. Әуелі көңіл-күйіңізді жиі түсіретін келеңсіз жағдайларды ұмытуға тырысыңыз. Кез келген қиындықтан шығуға болатынын есте ұстаған жөн.

2. Өзіңізге ұнайтын нәрсені сатып алыңыз. Көңіл-күйіңіз болмағанда өзіңізге ұнайтын нәрсені сатып алудың пайдасы зор. Мәселен, дүкендегі көптен бері көзіңіз түсіп жүрген көйлекті сатып алыңыз.

3. Серуенге шығыңыз. Барлығын бір сәтке ұмытып, көңіл-күйіңіздің көтерілуіне серуенге шығу да себепші болады.

4. Жиі күліңіз. Ғалымдардың дәлелдеуінше, қиындыққа тап болғанда оны күлкімен жеңуге болады екен. Сондықтан көңіл-күйіңіз болмаған жағдайда өзіңіздің ең жайдары, көңілді жүретін досыңызға хабарласыңыз немесе комедия жанрындағы фильмдерді тамашалаңыз.

5. Сүйікті асыңызды әзірлеңіз. Көңіл-күйді көтерудің тағы бір жолы - дәмді тамақ. Өзіңіздің сүйікті асыңызды әзірлеу – сізді қуанышқа бөлейтін әрекеттердің бірі. Әсіресе, тәтті тағамдар көңіл-күйге жақсы әсер етеді. #психология #бай_қуатты_болайық #бақыттыотбасы #мотивация #бакыттың_кілті #бақыттыңкілтінен_тілек
Шүкір! Мен бақыттымын😍 шүкір деп жазыңызшы👇👇👇 Шын мәнінде бәріміз бақыттымыз, #барымыздыбағалайық #шүкір #бақыттыболыңыздар #текбақыт #текжақсылық


42

Қайырлы түн! Түн тыныштығын берсін❤️

Әке өсиеті
Аса, қадірлі, асыл текті таза қан, текті, пәк жатырдан, адал сүттен нәр алған ұлдарым менің!!!
* Ақша деген нәрсе ол ешқашан өздігінен келмек емес. Ол еткен еңбек, көрген бейнетпен келетін нәрсе, сондықтан оны қадірлей білу керек. * Ақша адамға байлық көзі ғана емес, ол күш қуатыңды, жігеріңді, өмірге деген сүйіспеншілігіңді арттырып, өз ортаңа сыйлы болуға әрекет етеді.
* Ақшаны аз болса ең қажетті нәрсеңе жұмсағаның абзал. Ал егер ақшаң асып тұрса қалаған нәрсеңді ала біл.
* Ақша жүрген жерде әзәзіл (қазақ ұғымында ол адамды жаман жаққа итеруші күш) жүреді, сондықтан оны ақылмен тек пайдалы нәрсеге жұмсаған дұрыс. * Адам баласы табан ақы, маңдай термен тапқан ақшасын ешқашан ысырап қылғысы келмейді. Ал жеңіл жолмен тапқан ақшаны адам нәпсісіне жұмсайды.
* Менің асыл текті таза жатырдан нәр алған ұлдарым сендердің болашақтарың үшін Бір Аллаға сиынып мадақ айтамын. Жаратқан ием сендердің жаманшылықтарыңды көрсетпесін, пәле қаласынан тосыннан, ойламаған жерден келетін пәлекеттен сақтасын. Алла жаратқан ием, Раббым сендерге тек екі дүниенің бақытын, жақсылығын, сүйіншісін нәсіп етсін. Әумин!
#түнгітілек #қайырлытүн #бақыттыотбасы #бай_қуатты_болайық #БАҚЫТТЫҢ_КІЛТІ_ӨЗ_ЖҮРЕГІМІЗДЕ #бақыттың_кілті #бақыттыңкілтінен_тілек


53

Қайырлы таң! Күндеріңіз берекелі де мерекелі өтсін❤️

Өмірдің бес заңы: • Адамдарға сүйкене берме, сонда сені оларға керектігіңді көресін. • Уәдеге сенбе, кәзіргі заманда сөз түкке тұрмайды. • Сенсіз өмір сүре алмайтын адамдардың көңілін қалдырма. • Бос әңгімеге сенбе, адам не демейді - есек не жемейді. • Ешқашан берілме, тек алға ұмтыл, құлағанда қайта тұру-ол, нағыз жеңімпаздың ісі......
#қайырлытаң #бақыттыотбасы #психология #мотивация #бай_қуатты_болайық #бақыттың_кілті #бақыттыңкілтінен_тілек #таңғы_тілек


18

Қайырлы таң! Сәрсенбі сәтті өтсін❤️ Ойға алған жоспарларыңыз оңынан шешіліп, алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер🙌 ➖ Кімде-кім таңертең кешке 7 рет ✔️ 🍂 Хасбуналлаһу ла илаһә иллә һу, алейһи тәуәккәлту уә хуә Раббул-аршил-азим» 💧 Осы дұғаны айтсаңыз:

Алла сіздің бұл дүние мен ақырет істеріңізге көмектеседі. #дұға #қабылболсын #иман #ислам #бай_қуатты_болайық #бақыттың_кілті #таңғы_тілек #бақыттыңкілтінен_тілек #БАҚЫТТЫБОЛУҚҰПИЯСЫ #БАҚЫТТЫҢ_КІЛТІ_ӨЗ_ЖҮРЕГІМІЗДЕ


28

Күндеріңіз берекелі өтсін!
Сезесің бе?
Ұлы Жаратушы Алла Тағаланың мейірімі шексіз. Ол өте жұмсақ, құлдарына тым жақын. Кез-келген өтінішіңді Оған қиналмай айта аласың.
Бір қызығы сен Онымен тілдескен кезде: "Мазалағаныма айып етпеңіз, маған бір минут уақытыңызды бөле аласыз ба?", - деген сөзге еш уақытта мұқтаж болмайсың.
Ол сені естісін деп даусыңды көтеруді де қажетсінбейсің. Тіпті сен аузыңнан бір сөз шығармасаң да Ол ішіңдегіні біледі.
Қандай жағдайға ұрынсаң да, жалғыз Оған ғана керегіңді ұялмай айта аласың.
Ол осы әңгімені де біледі әрі сені бақылап отыр! Ешқашан жалыққан емес, жалықпайды да. "Осы нәрсені Маған мың рет айттың ғой", - деп те сөкпейді.
Жалғыз Оның ғана алдында ұялмай жылай аласың. Сәждеде онымен бірге боласың, жеке қаласың.
Арқа сүйері Жалғыз Алла болған адам ғана «Мықты Пана» тапқанын сезінеді.
Сен онымен кездеспесең де Ол сені жақсы таниды. Тіпті сен оны білмей жүрген кезіңде де Ол саған қамқор болып, мейіріміне бөлеген. Әлі де бөлеуде, бөлей бермек.
Қиындыққа душар болғанда жалбарынып дұға етіп, жылап-сықтап, шаршап ұйықтаған кезіңде де Ол ұйықтамай сенің ісіңді реттеп тұрады.
Сен Оған қарсы қанша күнә жасасаң да, Ол тәубе есіктерін жауып қоймайды. Өз қателіктеріне өкініп, жарылқау сұраған пендесінің тілегін кез-келген уақытта қуана қабыл алады.

#бақыттың_кілті #бақыттыңкілтінен_тілек #бай_қуатты_болайық #иман #ислам #дұға #қабылболсын #барымыздыбағалайық #жақсылықжасапжарысайық


16

Қайырлы таң! Басталған апта жағымды жаңалықтарға толы болсын❤️❤️❤️
Бисмилләһтің қасиеті. ❤️

Араб тілінде: بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ (Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын). Бисмилләһтің оқылуы: " БисмилләәһирРохмаанирРохиим". Хадис шәрифтерде былай делінеді:
"Ұстазы балаға Бисмилләһ оқып, бала оны айтқанында, Аллаһу Тағала баланың, анасының, әкесінің және ұстазының жаһаннамға кірмеуі туралы (бұйрық) жаздырады." (С. Әбдийә) "Құран Кәрімнің кілті Бисмилләһ." (С.Әбдийә) "Бисмилләһпен желінген тамақ берекелі болады." (Ибн Мажә) "Бисмилләһпен басталмаған әр бір маңызды іс кеміс қалады." (Байһақи) "Үйге кірерде Бисмилләһ айтылса шайтан ' бұл үйге кіруге мүмкіндік жоқ ' деп қайтып кетеді." (Тибйан) "Амал дәптерінде 700 Бисмилләһ болған адамды Аллаһу Тағала жаһаннамнан шығарады." (Тағрибус-салат) "Істі Бисмилләһпен бастаған адамның күнәларі кешіріледі." (И.Рафии) "Тамақты Бисмилләһпен жеп, соңында Әлһамдулиллаһ деген адамның, дастархан жиналмай тұрып күнәлары кешіріледі." (Табарани) " Қиыншылыққа душар болған адам ' БисмилләһирРахманирРахим уә лә хаулә уә лә қууатта иллә билләһил ғалийил ғазийм ' десе, әр түрлі қиыншылықтардан құтылыды." (Дәйләми) " Бисмилләһ жазылған бір қағазды жерден көтерген адам сыддықтар қатарынан жазылады." (Тәрғиб-ус-салат) "Су ішерде Бисмилләһ айт, біткенде Әлһамдулиллаһ де, және суды үш жұтыммен ішіңдер!" (Ибн Сүнни) " Тамақ жеуді бастағанда Аллаһу Тағаланың есімін еске алыңдар, яғни Бисмилләһ айтыңдар ! Басында Бисмилләһ айтуды ұмытқан адам, есіне түскенде 'Бисмилләһи ғала әууәлиһи уә ахириһи десін! " ( ӘБУ Дауд , Тирмизи, Хаким) " Тамақ жегенде, демалғанда және түнде жатарда шайтаннан қорғану үшін Бисмилләһ айтыңдар ! " (Табарани) " Үйден шығарда ' Бисмилләһи тәуәккәлту ғалаАллаһ, лә хаулә уә лә қууата илла Биллаһ' деп айтқан адам, қәуіптен қорғалады және шайтан одан алыстайды." (Тирмизи)
Йә РасулАллаһ, көп жесекте тоймай жатырмыз, тамақтың берекесі болмай жатыр' деген адамға Пайғамбарымыз ( Аллаһтың ол кісіге игілігі мен сәлемі болсын ) " Тамақты бөлек емес, бірге жеп, Бисмилләһ айтылса, берекелі болады" деп жауап берді. #қайырлытаң #бақыттың_кілті #бақыттыңкілтінен_тілек #бай_қуатты_болайық


43

Алла баршамызға саналы-салихалы ұрпақ нәсіп етсін!
Анасы кішкентай баласына: - Егер сен "Аль-Ихлас" сүресін он рет оқысаң, Алла саған Жұмақтан сарай салып береді, - деді.
Бала оқи бастады, анасы соңынан қайталап отырды. Баласы сонда анасына бұрылып: - Анашым, сен оқыма, сен менімен бірге менің сарайымда тұрасың! - деді.

#иман #жұма #дұға #қабылболсын #бақыттың_кілті #бақыттыңкілтінен_тілек #бай_қуатты_болайық #ислам #шүкір #барымыздыбағалайық


11

Қайырлы таң! Басталған апта жағымды жаңалықтарға толы болсын! Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын қалыптастырыңыз😊 Денсаулығыңыз мықты, бай-қуатты болыңыздар💰💰💰 #дұрыстамақтану #денсаулық #таңғы_тілек #бай_қуатты_болайық #БАҚЫТТЫҢ_КІЛТІ_ӨЗ_ЖҮРЕГІМІЗДЕ #бақыттың_кілті #бақыттыңкілтінен_тілек #БАҚЫТТЫБОЛУҚҰПИЯСЫ #пп #арықтау #сұлулық #әдемілік #сымбат


7

Қайырлы түн! 💧 Періштелер үйімізде де жүре ме?

Періштелер – нұрдан жаратылған, салмағы мен пішіні болмайды. Олар тыныш- тық пен махаббат орнаған отбасылардың тұрақты қонағы. Періштелерге сену – иманның бір тірегі болып табылады. Олар туралы біз не білеміз?

Алла тағала ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) арқылы Жәбірейіл (ғ.с.), Микаил (ғ.с.), Исрафил (ғ.с.) мен Әзірейіл (ғ.с.) деген үлкен төрт періштелерден бөлек, басқа да мыңдаған періштелер бар екенін жеткізген.

Әр адамда екі періште болады. Бірі ізгі амалдарымызды жазып отырса, екіншісі күнәларымызды жазады. Осы жазылғандар негізінде Жаратушымыз қиямет күні үкім шығарады. (Анығын Алла біледі). Бізді бақылап жүретін басқа да періштелер бар. Мысалы, бала жатырда жатқан- да баланың жынысын, тағдыры мен өлім уақытын жазады. Алланың әмірімен олар бізді бақылап, қорғайды. Олар үнемі бізбен бірге: тыныштықта, намаз оқығанда, жақсы істер істегенде... Жел мен бұлттарды да қадағалап, оларды қажетті жақтарға бағыттайды. Тіпті, әрбір жаңбырдың тамшысы періштелердің қадағалауымен жауады. Олар алапат күшке ие. Бірақ барлық іс-әрекеттерін Алланың бұйрығымен ғана орындайды.

Алланың аты аталған жерге жиналатын періштелер бар, ол адамдарға Алла өзі- нің мейірімін төгіп, береке береді. Зікірлеріміз бен салауаттарымызды жеткізушілер де солар.

Қайда жүрсек те, жұмыста, үйде, алыс сапарға шықсақ та серігіміз болады. Ұйықтап жатқанымызда ұйқымызды қориды. Алайда біз оларды көре алмаймыз. Үйімізге періштелердің көп келіп, бізді қорғап жүрулері үшін не істеуіміз керек?

Алланың бұл керемет жаратылыстары махаббат, сыйластық, мейірімділік пен тазалық бар үйде өмір сүреді. Бірақ, ұрыс-керіс, ашу, қаталдық пен мейірімсіздік орнаған үйде тұрақтамайды. Өзімен бірге береке мен несібені алып кетеді. Мұндай үй рухани артта қалып, тұрғындары бақытсыз болады.

Үйден шығып бара жатып біз үйдің әр бұрышын мұқият тексереміз. Сол кезде періштелердің де үйімізде қалатынын есте сақтайтын болсақ, барар жерімізге алаңсыз, үйді уайымдамай барып келеміз. Яғни,үйімізді Алланың қорғауында қалдырамыз.👇👇👇


12

Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін!
Дана қарт өзен жағасында отырған еді. Айналасын қоршаған әсем дүниеге ойлы көзбен қарап отыр. Әлденені күбірлеп, сөйлеп қояды. Кенет, суға құлап түскен шаянды көзі шалды. Ол суға батпауға тырысып, жанын сақтауға жанталасып жатыр екен. Қария оны құтқармақшы болып, қолын созып еді оңдырмай шағып алды. Ол ауырсына айқайлап қолын тартып алды. Аздан соң қолын қайта созды. Шаян тағы да шақты. Ол қолын екінші рет тартып алды да, қиналып айқайлап жіберді. Соған қарамай сәлден кейін құтқармақ болып қолын үшінші рет созды.
Тура сол кезде жағалауда бір кісі отырған-ды. Ол осы көріністі манадан бері бақылап тұрған болатын. Ақыры шыдамай: «Ақсақал-ау! Қатарынан екі рет оңбай шағылдыңыз ғой! Соған қарамай тағы да құтқарғыңыз келіп жатыр ма?!», - деп дауыстайды.
Қария оның сөзіне көңіл аудармады. Шаянның үздіксіз айбат шеккеніне қарамастан ақыры оны құрғаққа алып шықты. Сосын әлгі кісіге қарай аяңдады. Қасына жақындап келді де: «Өзгелерді шағу шаянның табиғатынан, ал басқаларға мейірімді болып, үнемі жақсылық жасау менің табиғатымнан. Оның табиғи болмысы менің болмысымнан үстем болғанын қаламадым», - деген екен.

Адамдармен қарым-қатынаста жақсы сипаттарыңды барынша әдемі пайдалан. Іс-әрекеттері қанша жерден жаныңды жарақаттап, жүрегіңді ауыртса да таспен ұрғанды аспен ұр. Бұл жолда өзгелердің «жанашырлығы» жақсылығыңа кедергі болмасын. #көркеммінез
#жақсылықжасапжарысайық #иман #қайырлытаң #БАҚЫТТЫҢ_КІЛТІ_ӨЗ_ЖҮРЕГІМІЗДЕ #бақыттың_кілті #бақыттыңкілтінен_тілек


5

Қайырлы таң! Күндеріңіз берекелі өтсін❤️❤️ Басталған жаңа апта жағымды жаңалықтарға толы болсын! ☝️1- Әр күні міндетті түрде танымайтын біреуге сәлем бер. ☝️2- Әр істі бисмилляхпен баста. ☝️3- Жақсы көретін жақындарыңа, оларды жақсы көретініңді айт. ☝️4- Әр күні міндетті түрде анаңа қоңырау шал. ☝️5- Біреуге жақсылық істе және ішіңнен мынаны айт (Сенің ризалығың үшін істеймін Раббым.) ☝️6- Дұға көбірек жаса
☝️7- Біраз демал. Шәй іш. Ешнәрсені ойлама. ☝️8- Жақсы бір әуен тыңда. ☝️9- Аллахтың жаратқан сұлулықтарынан ғибрат ал. ☝️10- Біреуден кеңес сұрау, ақылдасу, сырласудан қорықпа. Тәкаппар болма. ☝️11- Әр күні аз дегенде бір рет көк жүзіне қарап, ішіңнен Онымен тілдес. ☝️12- Танитын жақындарыңнан дұға етулерін сұра. Ұмытып кетсе, естеріне салып қой.
Және еш ұмытпа, Раббың сенімен бірге.
Бекир Деведжи

#БАҚЫТТЫҢ_КІЛТІ_ӨЗ_ЖҮРЕГІМІЗДЕ #бақыттың_кілті #бай_қуатты_болайық #бақыттыңкілтінен_тілек #таңғы_тілек


2

Қайырлы кеш! Жұма мүбәрәк болсын! Дұғалар қабыл болсын! Әрбір отбасыға осындай бақыт бұйырсын🙌 Саналы, салихалы ұрпақ нәсіп етсін баршаңызға🙌 #жұма #тілек #БАҚЫТТЫҢ_КІЛТІ_ӨЗ_ЖҮРЕГІМІЗДЕ #бай_қуатты_болайық #бақыттың_кілті #БАҚЫТТЫБОЛУҚҰПИЯСЫ #бақыттыңкілтінен_тілек #иман #шүкір #барымыздыбағалайық #барымдыбағалаймын #отбасыбақыты #саналыұрпақ


10

The end of the page