#жақсылық

Instagram photos and videos

#жақсылық#намаз#құран#уағыз#шымкент#уагыз#қазақ#жұма#машаллах#міндет#парыз#тазалық#насихат#табиғат#ислам#жақсыларым#иман#сауап#арманқуанышбаев#уағыздар#сүннет#астана

Hashtags #жақсылық for Instagram

Қазіргі интернет желісінде көптеп көрініп адамдар арасында жиі айтылып Алланың игілікті ісін жасап қаншама мұқтаж жандарға көмек қолын созып жақсылық жасап жатқан қор ол-осы 1000 теңгеге баспана яғни "Харекет"қоры@xareket_kory_official.Қаншама отандастарымыз сол қордың басшы,қызметкерлері,қолдап жатқан "Өнер қырандары"ұжымы@oner_kyrandary_official жұдырықтай жұмылып ай сайын көмектесіп жатқан ағайындарымыздың арқасында баспаналы болып жатыр.Осы жазба арқылы осы қор@xareket_kory_official ұйымдастырушыларына,қызметкерлеріне, Өнердегі Мадияр агамыз@madiyar_serikbayev бастаган "Өнер қырандары"@oner_kyrandary_official ұжымына қаншама атсалысып жүрген Азамат Азаматшаларға алғысымды айтып Алла істерінізге береке, дендерінізге саулық, отбасыларынызға бақыт тек жақсылық тілеймін және өз ойымды жазсам деп отырмын.Осы қор арқылы баспаналы боп жатқан бауырларымыздың жақсы жаңалығын естіп біздің де қуанышымыз еселеніп қолымыздан келгенше көмек қолын созуға асығып жатқан жайымыз бар.Қандай жағдай болмасын осы бір өткінші өмірде өзіміздің қара басымыздың қамы үшін, бәрі өзімізге болсын деп емес ахирет күнімізді ойлап сауапты іс жасасақ нұр үстіне нұр болары анық.Алланың бес парызын толық орындап жүрмесекте кішкене болсада көмек қолын созып көп емес ай сайын 1000 теңгені суретте көрсетілген счетқа салсаңыз болғаны. Сол 1000 теңгені айына қанша еселеп харам заттарға жұмсап жатырмыз ғой солайма?!Оданда жаман нәрселерді бір уақыт тежеп Жақсылық жасайықшы ӨТІНІШ.Жаман адам болмайық🙅‍♀️ жаман адам😠 онсызда көпқооо👀 неғыламыз санын көбейтіп.😊
#жақсылық#жасап#асығайық#😍
#Харекет#қоры#👍
©️#Боташтың#жазған#ойы#🤔


0

#қайта_толықтырылғаны үшін бір лайк♥️
Өміріңіздегі қандай да бір дағдарыс (кризис) - ол сіздің арманыңыздың белгісі екен. Демек сізден тек соны аңүарып, әрекет жасау керек. Қалай дейсіз бе? Оны Жаратқанға тапсырыңыз арманыңызды. Ниет етіңіз, оны мақсатқа айналдырыңыз. Содан соң, соған сай жоспар құрып әрекеттенесіз. "Что бы иметь - надо делать" 😊
Жалпы адам баласында 6 тірек болады дейді. Олар:
#Дене (#денсаулық)
#Қарым_қатынас
#Мамандық
#Қоршаған_орта
#Тұлға
#Руханилық

Сізде қай бағыт ақсап тұр, 0-10 балға бағалаңызшы #қағаз бен #қалам алып. Сол ең төменгі салаға көп көңіл бөліңіз.
Ал тіпті 6 бағыт та ақсап тұрса, онда қуаныңыз. Арманыңыз есігіңізді қатты-қатты соғып тұр. 👍Дәл есік алдында тұр. Сізге бар болғаны есікті ашып кіргізу керек. Яғни қиялдан әрекетке көшу керек😊

#Мұсылман да қуанады емес пе, #қиындық келсе сабыр етіп.
1. Алланың назарындамын
2. Дұғам қабыл болады
3. Қиындық артынан екі жақсылық келеді

Демек, бос қиналып отырғанша, жақсыны қиялдап, әрекетке көшейік ия?

Тұрыңыз, энергия толықтырыңыз, Алладан тілеңіз, Бұлт артынан күн шығатынын ұмытпаңыз

Сізде қай бағыт ақсап тұр? Балмен көрсетіп, пікірге жазыңызшы.
Алдағы уақытта осы алты бағытты жақсарту жөнінде толығырақ жазатын боламын

#арман #тілек #қиял #мен_бәріңізге_бақыт_тілеймін #рақмет #дағдарыс #жақсылық
#жастар_толқыны_блогер #кәсіби_жас #ақын_жас #жазушы_жас


34

Баға жетпес байлықтарым♡ тойларыңыз құтты болсын ! Денсаулықтарыңыз мықты, өмірлеріңіз мәнді болсын . Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін ! Періштелеріңіз көп болсын . Жүздеріңізден тек қуаныш көрейік . #қазақтың#тойы#бітпесін#тек#бақыт#жақсылық #тілеймін


1

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ...
Жақсылық жасасаң, АНАҢА жаса,
Жаныңа медет сұраған.
Көрсетпей сол жан саған оңаша,
Көзінің жасын бұлаған.
Жақсылық жасасаң, ӘКЕҢЕ жаса,
Жасытпай сені өсірген.
Кемеңгер сол жан қатеңе қоса
Кемшілігіңді кешірген.
Жақсылық жасасаң, ЖАРЫҢА жаса,
Жанарында ойнар жалт-сезім.
Жарыңның жанған бағынан аса,
Жалғанда не бар, айтшы, өзің?! Жақсылық жасасаң, БАЛАҢА жаса,
Жаратқан берген сол - бақыт!
Ұл-қызың оны бағаламаса,
Ұрғаны Құдай сорлатып!
Жақсылық жасасаң, АУЫЛЫҢА жаса,
Жәудіреп қалған жас шағың... Барғанда сені бауырына басса,
Бақытқа бөлер басқа кім?
Жақсылық жасасаң, АҒАҢА жаса,
Арқа тұт асқар тауыңды.
Ал, олар, шіркін, алаламаса,
Артынан ерген бауырды... Жақсылық жасасаң, ІНІҢЕ жаса,
Жат бауыр болман, жоқ! - десін.
Күнара емес, күніге жаса,
Күдерін үзіп кетпесін.
Жақсылық жасасаң, ҚАРЫНДАСЫҢА
Жаса, бөленсін шаттыққа!
Жүреді қанша жаныңда, сірә,
Жаралған тағдыр жат жұртқа.
Жақсылық жасасаң, ДОСТЫҚҚА жаса,
Жауға да бермес өр кеуде.
Өкініп сосын өксіп балаша,
Өтпесін өмір шерменде.
Күлерсің кейін көзіңе жас ап,
Көңілің босап жыларсың.
Жақсылықты осы өзіңе жасап
Жүргеніңді іштей ұғарсың!
#Қалқаман_Сарин#поэзия#өмір#сағыныш#шүкіршілік#уақыт#жақсылық#адамгершілік#сыйластық🍂🌙🌟🙏


1

Жақсылықта бір-біріне көмектесу әдемі көрінеді иә.😊 #жақсылық #жамандық #дос #благое #дело #труд #взаимодействие #друг


1

Менің сыныптасым Салтанат құрған шаңырағың биік болсын сендерге ең үлкен бақыт тілеймін Махаббаттарың мəңгі болсын #Жақсылық & Салтанат #


1

Балаларға #мейірім сыйлауға, #жақсылық жасауға асығайық!
#Мектепкежол


0

Армандардың бәрі орындалады, әсіресе менікі.😇
🔱"Бақытты болуға уақыт табайық! " 🕕
Көбіміз "Бақыт маған қашан келеді? ", "Мен қашан бақытты боламын? " т.б деп айтамыз иә ? Бақытты күтпеңіз! Бақыт ешқашан келмейді. ❌Бақытты өзіңіз жасаңыз. 🔥Өзіңізді дамытуға уақыт табыңыз!
🔥Өзіңізді күтуге уақыт табыңыз❕
🔥Жақындарыңыздың жағдайын білуге уақыт табыңыз❕
Уақытыңызды құр нәрсеге емес, жақсы жаққа жұмасаңыз, жақсылық жасасаңыз - бақыт өзі -ақ келеді.💥
Бақытты болмай жатсаңыз, сізде бір жеріңіз дұрыс болмай тұрғаны деп түсініңіз.
Ең Бірінші 🏁
Өзіңізді дамытумен айналысыңыз.. Сіздің миыңызды бақ деп алсақ, сіз бағбансыз.🌳 Бағыңыздан жақсыы өнім алу үшін, көп көңіл бөлу керек💞. Сол сияқты, ӨЗІҢІЗДЕН КЕРЕМЕТ НӘТИЖЕ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, миыңызға күн сайын көңіл бөліңіз.
Өзіңізді жақсы көріңіз.👸 Күнде азанда жуынып тұрып, айнаға қарап,
ҚАЙТАЛАҢЫЗ ❕❕
МЕН ӘДЕМІМІН 🌺🌹
МЕН ӨЗІМДІ ЖАҚСЫ КӨРЕМ 🌸
БҮГІН КҮН КЕРЕМЕТ БОЛМАҚ 😍 #болашақпсихолог #психология #эзотерика #нумерология #бақыттыболуғақадам #аффирмация #симорон #құралайдыңқұпиясы #жақсылық#кеңес #assyloy #өмір_юмор
#lifesgood #мотивация #кызылорда #армандарорындалады #happy #


6

"Ой" деген тыным бермейді ғой адамға...Келісесіздер ме?! Осы айнадағы қыздың өткен өміріндегі барша жағдайлар үшін ( қателіктер, ақымақтықтар, түсініспеушіліктер, сынақтар, бақытты сəттер, қуанышты сəттер, сəттіліктер, .... т.с.с) алғысым шексіз !❤️ Рахмет! Рахмет! Рахмет! Шынында да, əр істің бір қайыры бар ! Аллаһқа шүкір! Əрбір жағдайдан сабақ ала білдім десем де болады...Себебін де түсінгендеймін... P.S: Айнадағы мен!🤗😄
#Allhamdullilah❤️ #сана #ой #гармония #сенім #уақыт #бақыт #жақсылық #сабақ #энергия #руханижаңғыру


1

#Repost @zhetisu_43_school with @get_repost
・・・
#43 жалпы білім беретін мектеп бойынша республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында "Қамқорлық жасау - əр адамның парызы" дегендей мектеп ұжымының демеушілігімен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетілуде. ##ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒАЙЫҚ!##


1

Өміріңіздегі қандай да бір дағдарыс (кризис) - ол сіздің арманыңыздың белгісі. "Что бы иметь - надо делать" 😊
Жалпы адам баласында 6 тірек болады дейді. Олар:
#Дене (#денсаулық)
#Қарым-қатынас
#Мамандық
#Қоршаған орта
#Тұлға
#Руханилық

Сізде қай бағыт ақсап тұр, 0-10 балға бағалаңызшы #қағаз бен #қалам алып. Сол төменгі салаға көп көңіл бөліңіз.
Ал тіпті 6 бағыт та ақсап тұрса, онда қуаныңыз. Арманыңыз есігіңізді қатты-қатты соғып тұр. 👍Дәл есік алдында тұр. Сізге бар болғаны есікті ашып кіргізу керек. Яғни қиялдан әрекетке көшу керек😊

#Мұсылман да қуанады емес пе, #қиындық келсе сабыр етіп.
1. Алланың назарындамын
2. Дұғам қабыл болады
3. Қиындық артынан екі жақсылық келеді

Демек, бос қиналып отырғанша, жақсыны қиялдап, әрекетке көшейік ия?

Тұрыңыз, энергия толықтырыңыз, Алладан тілеңіз, Бұлт артынан күн шығатынын ұмытпаңыз

#арман #тілек #қиял #мен_бәріңізге_бақыт_тілеймін #рақмет #дағдарыс #жақсылық


8

...Шын мәнінде Үмітсіз тек - Шайтан ғана... Ал біз пендеміз сол үшін: жүрегіміз соғып тұрса, ақырғы деміміз қалғанша Үміт отын кез-келген уақыт пен жағдайда сөндірмеу керек!
🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀
...Үміт – адамды кез келген қиындықтан құтқарады. Қандай да болмасын қиндық кезінде «Мен жақсылықтан күдер үзбеймін, үмітсіз шайтан, мен үміттенемін», - деп айтыңыз. Айтқаныңыз орындалады.
🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹
...Арманыңыз орындалмай жатса, денсаулық мәселесі болса да, кәсібіңіздің жүруі, жақсы өмір мен жақсылықтан ҮМІТТІ ҮЗУШІ БОЛМАҢЫЗДАР! Себебі оны үзіп тастауға ат салысып, күш жұмсайтын Шайтан! .
🌞🌞🌞🌞🌞🌞🌞🌞🌞🌞🌞🌞🌞🌞🌞🌞
...Берілмей, үлкен үмітпен, сеніммен алдыға болашаққа қарасаң-Аллаx тағалада, Періштелері де көмектеседі!
❓❓❓❓❓❓❓❓❓❓❓❓❓❓❓❓
...Ұлы ойшылдар не дейді үміт жайлы: ...Үміт адамға азапқа толы өмірді тастап кетпеуі үшін берілген. (Ницше)
----------------------------------------------------
Адамды қартайтатын - әжім емес, арманы мен үмітінің жоқтығы. (Хорхе Анхель Ливрага)
----------------------------------------------------
Бір адамға үміттенуді үйрете алсам, өмірім босқа кетпеді деп айта алам. (Мартин Лютер Кинг)
----------------------------------------------------
Үміт - дәмді таңғы ас бола алады, бірақ кешкі ас болуға жарамайды. (Френсис Бэкон)
******************************************************
...Үміт оты СӨНБЕСІН!
******************************************************
#ҮМІТ #СЕНІМ #БОЛАШАҚ #ЖАҚСЫЛЫҚ #БАҚЫТ


2

Жақсылықта бір-біріне жәрдемдесу әдемі көрінеді иә. 😊
#жақсылық #жамандық #дос #благое #дело #труд #взаимодействие #друг


2

#43 жалпы білім беретін мектеп бойынша республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында "Қамқорлық жасау - əр адамның парызы" дегендей мектеп ұжымының демеушілігімен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетілуде. ##ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒАЙЫҚ!##


0

Жақсылық Істейік Осы Жалғанда #жақсылық


0

Бар қазақты жұмылдырып, игі іске бастап отырған @xareket_kory_official -на, @oner_kyrandary_official -на және де үлес қосқан әрбір азаматқа Алла разы болып, екі дүниенің бақытын, ең қайырлысын бергей.
#харекетқоры #hareket #жақсылық #садақа #қазақ
@cocojanbo88 @masakbaev_saken
@madiyar_serikbayev
@asylarna
@zhanadil_raymbekov


3

Баршаңызға, қайырлы таң! Біз таңымызды музыкатерапиядан бастадық.😍 Инструкторымыз Алтын Амановна❤️
Күндеріңіз сәтті өтсін! ✊
#денсаулық #реабилитацияАстана #жақсылық #музыкатерапия


20

#мендікой#тақырыбынсіздерқойыңыздар
„Болар бала алысқа қарайды”- деуші еді?!🤔 Ал менше, жоооқ бұным тым өзімшіл болар,#бізше 😒 Алыс тұрмақ, жақындарымыздың жағдайын сұрауданда қалдық💭 нағыз #ТАСЖҮРЕК оңбаған секілді болып сыйластықты ұмытқан секілдімізба, қалай өзі?Бұны ойласам менің сыртқы бейнем дәл осы👆🙈( #маубас😴 )
Мүмкін біздің өміріміз 1 сағат не 1 минуттық болар,болмашы нәрсеге өкпелеп,тырнақ астынан кір іздеп😯 ренжіп жататын кездер көп болады😢 Сонда #Адамиқұндылықтарды қайда қалдырамыз(мәдениет) 😏 Ақыл айтатын мен емес✋ сізде?!„Өз-ақылдарымыз өзімізге жетеді” - дейміз🙅қу бос көкіректі аспанға кереміз,ұрсамыз руға жүзге бөлінеміз😧 Кейде менен сұрап жатады сенің руың кім деп? Сонда сіз менен қандай жауап күтесіз🤔бөлінгенді бөрі жиді🐺бөлініп-бөлініп #түбінде жоқ болып кетуден сақтанайық🙋#мир
Алайда 5 күндік жалған дүниенің қызығна алданып өзімізге кері әсерін ойланбаймыз😍 өміріміз интернет жүйесінде,мендеде😭 уақыт өтіп барады,ал мен әлі түк біргем жоқ😭😭😭 Қарап тұрсаңыз осы интернет желілері арқасында барлық жаңалықтарды,кім не істеп жүр?не жеп жүр?өліме?тіріме? #инстаграмм желісінің #сторис арқылы біліп жатамыз #керемет онысына да рахмет🤗 Алыспен жақынды түйістірер #скайп #прямойэфир #ватсап желілерінде ұмытпайық (ренжімесін)😊 „Әр нәрсенің қайыры,қайтарымы бар”-дид, осы күнге дейін жалғыз қалдырмай, қолдарынан келген көмектерін, ілтипат көрсеткен жандарға алғысым шексіз🤗 мейлі ол #тараз ,#шымкент #алматы #қостанай болсын😍 Басты тақырыпқа келейік осындай #ғасыремесадамөзгерген сәтте қол ұшын берген үнемі қасымнан табылатын #таразтұрғындарына айтар алғысым шексіз, болашақта алар белестеріміз көп болғай, маған артқан сенімдеріңізге, еркелігімді көтеріп жүргендеріңізге ҮЛКЕН РАХМЕТ🤗
Р.s: #жақсылық ұмыт қалмайды,барлығы есте!
#Саяныңәдеттегіблогы
#болашаққасенемін #армандарорындалады
#жанымдажүржақсылар
#Әлхамдулилла


8

@almaty.aielder.ortalygy келіп жеткен тапсырыс Өз Өзіңді сүйю ,жақсы көру💐💐 Адам өзін құрметтей де, жақсы көре білуі керек, сыйлай білуі керек. Сіз өзіңізге қандай көзқараспен қарасаңыз өзгелер де тура солай қарайды. Мысалы, сіз өзіңізді сыйламайсыз, түр-әлпетіңізге көңіліңіз толмағандықтан өзіңізді жек көресіз делік. Сырттан қараған жұрт та дәл солай сізді ұсқынсыз деп сыйламайтын болады. Ал керісінше өз-өзіңізді құрметтеп, сыйлата біліп, жақсы көрсеңіз, демек, өзгелерге де дәл солай әсер қалдырасыз. Иә, мен өзімді сыйлаймын, құрметтеймін, жақсы көремі. Өзімді Әлемдегі ең бақытты жандардың қатарына қоямын! Расында солай Алхамдулиллах 💋💋💋💋💋 Өзімізді жоғары бағаласақ бағалайық тек өзгелерді өзінен төмен санамау керек. Алла бәрімізді тең жаратқан, бәріміз пендеміз. Өзімді және басқаларды да қарапайым деп есептеймін, өзімді де өзгені де жақсы көремін,себебі мен қандай болсам айналадағылыр да маған сондай болмақ,бугін айнаға қарап өзімді жақсы көріп өзіме жақсы сөздер айттып өзімді бір еркелетіп алдым ))))))өте керемет сезім 🌹🌹🌹🌹🌹Осы бақытты күндерді сыйлаған Аллағыма МЫҢ ДА БІР ШУКІРЛЕР БОЛСЫН #əйелдерорталығы_марафон #Жақсы болайық#жақсылық жасайық#Аллахайырлысынберсін#


3

Раббыңның жолына (адамдарды) даналықпен əрі жанға жағымды уағыз-насихат айту арқылы шақыр.
#уағыз #насихат #жақсынасихат #пайдалынасихат #уағызнасихат #көркемдағуат #дағуат #ислам #иман #намаз #құран #жақсылық #насихат


0

Раббыңның жолына (адамдарды) даналықпен əрі жанға жағымды уағыз-насихат айту арқылы шақыр.
#уағыз #насихат #жақсынасихат #пайдалынасихат #уағызнасихат #көркемдағуат #дағуат #ислам #иман #намаз #құран #жақсылық #насихат


0

жақсылық жасасаң жаһанға жария қылмай-ақ жасырын істе, оң қолыңмен бергеніңді сол қолың көрмесін деп тәрбиеленгенбіз ғой☺️ жасаған жақсылығыңның сауабы зая кетпеуі үшін сол дұрыс, бірақ...

өзіне телміртіп қойған көкжәшік пен қалтафондарымыздан көбінесе жүректі тілім-тілім ететін суық, мейірімсіз, абыройсыз дүниелер тарааап кетті ғой, көптігін санап біте алмайсың... ал жақсы дүниелерді аааз көрсетеді. бірақ әлемде жамандық қанша көп болса, саны одан асатын жақсылық та БАР💖 (дау тудырмайтын ақиқат бұл, сенбесеңіз - мәселе өзіңізде🤷🏻‍♀️)

көшеде біреу біреуге риясыз көмектессе, біреу игі іс жасаса таааңқалатын жағдайға жетіп қалыппыз, ондайды аз көргесін бізге сооондай таңсық🙈 ал жағымсыз жаңалықтарға, арсыз контентке, беееталды пайдасыз ақпараттарға етіміз үйреніп қалыпты.

сондықтан маған қазір "осындай қайырымдылық шарасын өткіздік, мынадай науқан өткіздік, жүректен жүрекке" немесе "автобуста мынадай кісі ән шырқап көңілімізді көтерді, Астанада белгісіз біреу жүрекшелер салып жүр, ұшақта бір қыз жарымжанмен ортақ тіл тапты" деген жаңалықтар жағыыып жүр❤️

таңдау, әрине, өзіңізде🤗 бірақ жасаған жақсылығыңызды жария етем десеңіз, басқаның істеген жақсылығын асырам десеңіз - мархабат🤗 бөлісіңізші! айтыңызшы, салыңызшы инстаграмға. бастысы ниетіңіз түзу болса болды. мақтан үшін емес, тааап-таза пейіліңізбен "жақсылық та бар" дегенді дәлелдеу үшін, жақсылығыңызбен суық жүректі еріту үшін, өзгелерді өзіңіздің артыңыздан ерту үшін насихаттаңызшы жақсылықты.

жақсылықтың жоқ ерте-кеші, үлкен-кішісі... титімдей жақсылығыңыздың өзі жақсыға өзгеруімізге тигізген таудан да үлкен үлесіңіз😘 дұрыс ниетпен істеген игі істеріңіздің сауабы молынан болсын❤️
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️
#️⃣ #oılar_qaǵazda
#️⃣ #қазақша #қазақстан #астана #astana #kazakhstan #жақсылық #делай_добро #жақсылықжасапжарысайық #әлемді_әдемілейтін_өзіміз
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️
"кәзір" емес "қазір"🤦🏻‍♀️🤦🏻‍♀️😂 қателестііім💁🏻‍♀️


4

"#Жамандық көрсем-өзімнен,
#Жақсылық көрсем-өзімнен"

Біреудің ойын, біреудің көзқарасын, біреудің тағдыры, біреудің сөзін емес,ең алдымен өзімді өзгертуім керек. Сонда әлем басқаша жайнайды🌹

КЕЛІСЕСІЗ БЕ? СІЗ ӨЗГЕРГIНIЗ КЕЛЕ МЕ?


2

Екі жыл бұрын шыққан пост еді. ✏️🖋️Әлі де өзектілігін жойған емес.☺️ Қолдан келгенше, жақсылық жасайық, ағайын! 🙌

#Repost @darhan_karim (@get_repost)
・・・
ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
Ұлыстың ұлы күні бір жақсылықпен бөлісейін деп отырмын. Әйтпесе, күнде лентаны ашып қалсаң толған негатив. Екі жыл қатарынан магистратураға тапсырып түсе алмай жүрген кезім. Содан үшінші рет (2007 ж.) тағы бір рет бағымды сынайын деп Павлодарға тапсыруға бел будым. Ал өзім Алматыда «Қазақстан» ҰТА журналист болып жұмыс істеймін. Содан не керек, пойызбен Павлодарға бардым. Вокзалда тұрмын, баратын үй жоқ. Бір-екі рет іссапармен келгенім болмаса, былай бейтаныс қала. Не болса да қонақ үйге орналасайын деп қасымда тұрған бір апайдан сұрап, вокзалдың қонақ үйі бар екенін білдім. Әуелі жатын орынды көрмекші болып, сумкамды сол кісіге тапсырып, қонақ үйге кеттім. Қонақ үй ұнамады, бір бөлмеде бірнеше адам жатады екен, ешқандай жайлылық жоқ. Қайтып келіп, қаладағы басқа қонақ үйлерге баруға ыңғайланғаным сол еді, апайым менің жүрісімнің мән-жайын сұрады. Оқуға келгенімді біліп, үйіне шақырды. Мен ыңғайсызданып, бас тартып едім, «менің де сен сияқты оқуда балам бар» деп қоймады. Сөйтсем, ұлы АҚШ-та оқиды екен. Ақыры сол апайдың үйіне барып, түнеп шықтым. Апайдың аты Сәуле, қателеспесем, бір ауруханада бас дәрігер болып жұмыс істейді. Кейіннен Павлодарға іссапармен тағы бір барғанда арнайы үйіне кіріп, аздаған сый-сияпатымды бердім. Көптен бері хабарласпап едім, бүгін Наурызбен құттықтайын десем, телефоны сөндірулі екен. Сәуле апай, Наурыз Сіздің отбасыңызға бақ, құт-береке, ырыс әкелсін! Ұзақ жасаңыз! Әлеуметтік желіден іздейін десем, өкінішке қарай, Сіздің фамилияңызды білмеймін. Алда-жалда осы постты оқи қалсаңыз, бір хабарын берерсіз. #жақсылық #жақсыадам #магистратура #павлодар #қонақүй #оқу


0