#awarayi

Instagram photos and videos

#kazakhlanguage#қазақстан#kazaktili#weather#sozgeris#казахский#climate#казаxскийязык#kazakh#awarayi#қазақтілі#kazakhstan

Hashtags #awarayi for Instagram

☂️︎ SÖZGERİS ☂️︎ «Ауа райы» ма, әлде «күн райы» ма? Қайсысы дұрыс?

#sozgeris #kazaktili #awarayi #climate #weather

Кейінгі кезде бір қуантатын жайт, журналистеріміз, әсіресе, ақпарат құралдарындағы жаңалықтарды жүргізетін журналистеріміз осы «күн райы» деп қолданып жүр. Сонда қатты қуандық. Өйткені бұл қазақта өзі бұрыннан күнделікті өмірде құбылып тұратын табиғаттың жағдайын «күн райы» деп айтады. «Күн райы», «күннің райы бұзылайын деп тұр», «бүгінгі күн райы жақсы екен» деген қолданыстарды біз бұрыннан бала кезден естіп өстік. Енді «ауа райы» деген бертін келе, осы Кеңес үкіметі, оның өзінде де 70-80-жылдардан, қателеспесем, 90-жылдардан қалыптасып, жиі қолданысқа еніп бара жатыр. Дегенмен де біздер – тілтанушылар 15 томдық түсіндірме сөздік жасаған кезде, бір байқағанымыз, «ауа райы» деп үлкен бір географиялық аймақтың климаттық құбылысына қатысты айтылады екен, яғни «климат» деген сөздің бір жақсы баламасы болып тұр, «ауа райы» деген сөз. Ал енді орыс тіліндегі «погода» деген сөзге «күн райы», ол қазақтың бұрыннан қалыптасқан баламасы жүреді. Сондықтан күнделікті күннің райына қатысты айтсаңыз, «ауа райын» қолданбаған дұрыс болар еді.

Дереккөз: http://kitap.kz/index.php/catalog/audiobook/6036-82_durys_sojlejik_2, Anar Fazylzhan
#қазақтілі #казаxскийязык #қазақстан #казахский #kazakh #kazakhstan #kazakhlanguage

Almaty, Kazakhstan
0

Loading...
The end of the page